Қазақстанда 4,5 млн адам коронавирусқа қарсы егілді

Қазақстанда 4,5 млн адам коронавирусқа қарсы егілді
almaty-akshamy.kz


10 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 879 016 адам, 2-ші компонентін 4 505 662 адам салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Вакцинаның екі компонентін алған өңірлер арасында алдыңғы орында Алматы қаласы тұр – 619 144 адам. Одан кейін Түркістан облысы - 468 376, Алматы облысы - 457 562, Шығыс Қазақстан облысы - 365 940, Қарағанды облысы 318 151 тұр.