Қазақстанда 23 градусқа дейін аяз болмақ

Қазақстанда 23 градусқа дейін аяз болмақ
Сурет: Kubnews.ru

Ауа райының тұрақсыздығы сақталады.

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 2021 жылғы 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«21-23 желтоқсан аралығында Қазақстанға солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронталды учаскелердің ықпалы болады, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар және жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.

Елімізде тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел 15-25 м/с, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

23 желтоқсанға қарай Қара теңіз аймақтарынан антициклонның шығуымен бірге ауа температурасының төмендеуі күтілуде: батыста түнде 8...23 градус аязға дейін, күндіз 5...15 аязға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде аязға дейін -5 ... 5 градус, күндіз 0 ... 10 градусқа дейін күн суытады.