Қазақстан Ресеймен бірлесіп жарты жылда 5,1 млн доза екпе шығарды

Қазақстан Ресеймен бірлесіп жарты жылда 5,1 млн доза екпе шығарды
Сурет: Stimul.online

Бұл өндіріс 2 ай ішінде жүзеге асырылған.

РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанда өткен келіссөздерде Қазақстандағы «Спутник V» ресейлік вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қарағанды фармацевтикалық кешенінің телеграмдағы каналына сілтеме жасап.

«Біз сіздермен бірге коронавирустық инфекциямен күресіп жатырмыз, Қарағанды фармацевтикалық зауытында ресейлік «Спутник V» вакцинасын бірлесіп өндіру жолға қойылды. Жыл басынан бері вакцинаның 5 миллион дозасы өндірілді. Халықты жаппай иммундау адамдардың денсаулығын қорғауға және біздің елдерде коронавирустық инфекцияны жеңуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деді Мишустин. 

2020 жылдың желтоқсан айында РҚАО мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің қуаттылықтарында ресейлік вакцина өндірісін іске қосты. 2 ай ішінде жүзеге асырылған өндірістің теңдессіз жылдам реттелуі жарты жыл ішінде препараттың 5,1 млн дозасын шығаруға мүмкіндік берді.