Қазақстандық режиссер Берлиналиненің Гран-при сыйлығына ие болды

Қазақстандық режиссер Берлиналиненің Гран-при сыйлығына ие болды
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстандық кинотуынды жоғары бағаланды

Қазақстандық режиссёр Фархат Шарипов Берлин халықаралық фестивалінің Гран-при сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап

Шебердің «Схема» атты туындысы «Generation» бағдарламасына ұсынылған болатын. Бұл – көпшілік жақсы қабылдаған «18 килогерц» трилогиясының екінші бөлімі. Фильмде адал жолдан тайған жеткіншектердің тағдыры баяндалады. Басты кейіпкерлерді дебютант-актерлер сомдаған. Биыл Берлиналеге Қазақстан атынан «Ақын» және «Бақыт» фильмдері де қатысуда.

«Сценарий өте күрделі, оны түсірілім барысында өзгертіп отырдық. Қайта жазып, толықтырдық дегендей. Жұмыстар ковид шектеулеріне сәйкес келіп, көптеген ыңғайсыздық тудырғаны рас. Түсірілім бір жылға жуық жалғасты. Туындымызда шынайы өмірдегі оқиғаларды көрсетуге ден қойдық», - дейді режиссер Фархат Шарипов.