Қазақстан Президенті қазақстандықтарды екпе салдыруға шақырды

Қазақстан Президенті қазақстандықтарды екпе салдыруға шақырды
Сурет: Qazaqstan.tv

Бұл - әрбір азаматтың міндеті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы екпе салып, антиваксерлерге сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Міндетті түрде екпе салу керек. Бұл - әрбір азаматтың өз отандастары алдындағы парызы», – деді Президент.