"Қайрат" топтық кезеңге алғашқы қадам жасады

"Қайрат" топтық кезеңге алғашқы қадам жасады
Сурет: Pflk.kz

«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

УЕФА Конференция Лигасының кезекті кезеңінде алматылық «Қайрат» Люксембургтің «Фоласын» ұтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алғашқы матчты 4:1 есебімен ұтқан аяқдопшыларымыздың енді топтық кезеңге өтуге мүмкіндігі бар.

Алғашқы голды кездесудің 15-минутында қарсылас командадан Мирза Мустафич соғып, есеп ашқан. Көп ұзамай, "Қайрат" клубының шабуылшысы Артур Шушеначев есепті теңестірді. Ойынның 37-минутында жерлес команда сапындағы Вагнер Лав «Фола» қақпасына тағы бір голды дарытты. Кездесудің бірінші таймы 1:3 есебімен жерлестіріміздің басымдығымен аяқталды.

Матчтың екінші таймы да тартысты өтті. Ойын барысында біртіндеп қарқын алған қайраттықтар есеп айырмасын үдете түсті. «Қайраттың» бұл кездесудегі төртінші голын пенальтиден Вагнер Лав соқты.  

Осылайша, «Қайрат» еврокубоктің топтық кезеңіне сенімді қадам жасады. Енді жерлестеріміз өз алаңында «Фолалықтармен» 26 тамыз күні Алматы қаласының «Орталық» стадионында кездеседі. Ойынның басталуы: 20.00.