Қаламызда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтпек

Қаламызда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтпек
Сурет: Vesti.kz

Айтулы жарыс «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

Қазанның 3-і күні Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Хабар 24» сайтының мәліметінше, Қазақстан намысын Арман Әшімов пен Серік Разғалиев және Сырым Бектұрсын секілді тәжірибелі спортшылар қорғайды.

«Алматы Арена» спорт кешенінде өтетін сынға көрші елдерден және Бразилия мен АҚШ-тан жұдырықты жігіттер келеді. Турнирге жанкүйерлер де кіре алады. Бірақ шектеу бар.