Жұма намазы қай аймақта оқылатын болды?

Жұма намазы қай аймақта оқылатын болды?
Сурет: Кk.wikipedia.org

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты, жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, республиканың кей өңірлерінде жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де, бұл Қазақстанның ешбір аймағында жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді.

Еліміздің қай өңірлерінде 27 тамыз күні жұма намазы оқылатыны жөнінде ҚМДБ жамағатты құлағдар етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық аппараты, ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларына аптаның орта тұсында «Жұма намазы оқыла ма?» деген сауалмен хабарласушылардың қарасы қалың. Тіпті Діни ақпарат беру орталығының (Call орталық) 8 71 72 33 30 30 нөміріне бейсенбі-жұма күндері хабарласушылардың басым көбі қасиетті күні атқарылатын намаздың өтетін-өтпейтінін сұрайды.

ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес.
Қазақстанның жұма намаз оқылатын аймағының толық тізімін мына жерден көруге болады.