Алматы облысында ер адам сыра дүкеніне қарумен шабуыл жасады

Алматы облысында ер адам сыра дүкеніне қарумен шабуыл жасады
Сурет: Polisia.kz

Аңшы мылтығын кезенген ер адам дүкеннен ішімдік талап еткен

Алматы облысында ер адам сыра дүкеніне қарумен шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша күні Қарасай аудандық полиция бөліміне Алмалыбақ кентінің дүкендерінің біріне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырауға жеткен жедел-тергеу тобы шынымен қаруланған ер адамның сыра құю дүкеніне кіріп, аңшы мылтығымен сатушыны қорқытып, ішімдік талап еткенін анықтады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Policia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүкен қызметкерлері өз күштерімен тәртіп бұзушы 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Бұзақыны ұстау кезінде мылтықтан өздігінен оқ атылып, қабырғаға тиген. Оқиғаға қатысушылардың ешбірі зардап шеккен жоқ.

Масаң күйдегі ер адамның бұрын сыра дүкеніне кіріп, сатушылардың бірімен жанжалдасып қалғаны және кейін ол 12-калибрлі аңшылық мылтықпен қаруланып, дүкенге қайта оралып, сыра талап еткені белгілі болды. Жанжал кезінде сатушы келушіні залалсыздандырып, содан кейін полиция шақырған.

Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркелді. Қару тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іске тіркелді. Өзге ақпарат, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.