Жүлделер иесін тапты

Жүлделер иесін тапты
almaty-akshamy.kz

ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!

«Alataý Aqparat» ЖШС ұйымдастырған «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Almaty» газеттерінің тұрақты оқырмандарына арналған байқаудың жеңімпаздары белгілі болды.

«Almaty aqshamy» газетіне 6 айға және бір жылға жазылған оқырмандар арасындағы бұл байқау жылына екі рет өткізіледі. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, маусым айына дейін алматылықтар 2021 жылдың екінші жартысына жазылып, «Almaty aqshamy» сыйлығына үміткер болды. Сыйлық алуға ниет білдірушілер де көп.

Жеребе қорытындысы бойынша «Жазыл да, ұтып ал!» байқауында екі оқырманымыз жеңімпаз атанды. ARG SL-155 маркалы шаңсорғышты адал оқырмандарымыздың бірі Әділжан Қыстаубаев жеңіп алса, алматылық Ажар Сайболатова Tritower RHB-3901 блендерін жеңіп алды. Пандемияға дейін байқау жеңімпаздарын марапаттау редакцияда өтетін. Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық сыйлықты жеңімпаздардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша «Alataý Aqparat» ЖШС коммерциялық директоры Қуаныш Дюскалиев жеткізді.

«Біз оқырмандарымыздың газетке жазылуда өте белсенді болғандарына қуаныштымыз. Жазылу абонементтері бізге күн сайын барлық жазылу компаниясы кезеңінде келіп түсті. Бұл «Almaty aqshamy» қала тұрғындары арасында танымал газет болып қала беретінін және оқырмандарға пайдалы, қажетті ақпаратты беретінін тағы да растайды. Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті оқырмандар, байқауға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз», – деді Қуаныш Дюскалиев.