Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмек үшін алғыс айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрігерлерге, мұғалімдерге, полиция қызметкерлеріне және еріктілерге қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында көктемнің алғашқы күні, Алғыс айту күнінде барша қала тұрғындарының атынан дәрігерлер мен санэпидемиологтарға, полиция мен әскери қызметкерлерге, еріктілер мен дезинфекциялаушыларға рахмет айтты.

«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында біз коронавирус пандемиясына қарсы төтеп бере алдық. Қауіпті індет кезінде үй көрмей, бел жазбай жұмыс істеп, шегінуді білмедіңіздер. Таразының басында бүкіл мегаполис тұрғындарының денсаулығы тұрғанын түйсініп, сезіндіңіздер», — деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.

Шаһар басшысының айтуынша, ұйымшылдық пен ынтымақтың, өзара қолдау мен әлсіздерге көмектесудің арқасында қала сын-қатерді еңсерді. Қала тұрғындары бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, жылы сөзбен жан жылытты.

«Пандемиямен күрес әлі аяқталған жоқ. Дегенмен біздің ең ауыр сынаққа төтеп бере алатынымыз, бұдан да күштірек, мейірімді әрі батыл бола алатынымыз анық», — деп жазды қала әкімі.

Б. Сағынтаев түсіністік пен қолдау білдірген әрбір алматылыққа алғыс айтып, алматылықтарға зор денсаулық, амандық, бақ-береке және қаланың өркендеуін тіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *