Жылан шыққан мектеп
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ош облысының Алай ауданындағы бір мектептің аумағында жылан қаптап кеткен. Әсіресе, Бірінші мамыр ауылындағы бір мектептен 30 жылан шыққан. Осыған орай мектептерде оқу тоқтатылған. 140 бала оқитын мектепте тексеру егжей-тегжейлі жүргізілген соң барып, оқушылар оқуын жалғастырмақ.