Журналистика фаультетіне жаңа декан тағайындалды

Журналистика фаультетіне жаңа декан тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Белгілі ақын, ғалым Темірғали Көпбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Темірғали Көпбай - ақын, ғалым, баспагер, журналист, ұстаз. Соңғы жиырма жылдан астам уақыттан бері ол  «Қазығұрт» баспасында басшылық қызметте жүріп, ұлт руханиятына үлкен үлес қосты.

«Журналистика – кәсіп, ал кәсіп иесі нанына адал болуы керек» деген Темірғали Көпбай Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде ұзақ жылдан бері ұстаздық етеді.

Т. Көпбай - филология ғылымдарының кандидаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.