Журналистердің мәртебесі туралы заң жобасы қашан талқыланады?

Журналистердің мәртебесі туралы заң жобасы қашан талқыланады?
Сурет: Іpo.msk.ru

Заң жобасының мәтіні үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылармен кеңесіп жазылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің мәртебесі туралы заң жобасы қашан талқылауға шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Журналистердің құқығы мен әлеуметтік мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу мәселесі қарастырылып жатыр. Нұртөре Жүсіп мырза журналистерге үй алу немесе басқа жағдайларда жеңілдік жасау туралы айтып отыр ғой. Бұл жұмыс барлық мемлекеттік мекемемен келісе отырып іске асатын дүние екені белгілі. Ол кісі министрлікпен қоян-қолтық жұмыс істеп отыр. Ал заң жобасының мәтінін үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылармен кеңесіп жазамыз. Құжат жобасын келер жылдың алғашқы жартыжылдығында ашық талқылауға шығарамыз деп ойлап отырмыз», – деді министр.