Жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі

Жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында Черепанов көшесі бойынша жол жүру қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.

26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады. 
Аталған көшедегі қозғалыс екі жаққа да жабылады. 
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қараап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастырыңыздар.