Жол жүру қағидаларын бұзушыларды анықтау жүйесі - жылдың ең үздік жобаларының бірі

Жол жүру қағидаларын бұзушыларды анықтау жүйесі - жылдың ең үздік жобаларының бірі
Сурет: Gov.kz

Елордада “Qazaqstan Project Management Awards – 2023” ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды.

Жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды автоматты түрде анықтайтын “Қорғау” жүйесі жылдың ең үздік жобаларының бірі болып танылды. Полиция ведомствосы сайыстың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ІІМ ақпаратына сай, интеллектуалды бағдарлама Sergek Group компаниясының мамандарымен бірге әзірленген.

«Жоба жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Ол қолда бар ресурстар шеңберінде қысқа мерзімде әзірленді. Сондықтан сапаны арттыру, мақсатқа жету үшін біз жобалық басқаруды қолданып, бүгінгі нәтижеге жеттік. Біріншіден, апаттық көрсеткіштер төмендеді, екіншіден, біз патрульдік полицейлерге жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды тез арада анықтап, оларға қатысты шара қолдануға мүмкіндік беретін цифрлық құрал жасадық», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Бағдарлама жүргізушілер тәртібін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.