Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде көлік жүрісі шектеледі

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде көлік жүрісі шектеледі
Сурет: Inform.kz

Алматы көшелерінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат

Ескі асфальт жабынын алу үшін Сайын-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс бөлігі 6 маусымда сағат 08.00 мен  кешкі сағат 19.00 аралығында көлік жүрісі ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жаңа жабынды төсеу үшін Сайын-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың батыс бөлігі 6 маусым күнгі сағат 22.00 мен 7 маусым күнгі 7.00 аралығында ішінара, ал 7 маусым күнгі сағат 22.00 мен 8 маусым күнгі сағат 06.00 аралығында толық жабылады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.