Жылдың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы

Жылдың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Сурет: Egemen.kz

«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Қазақстан аумағында атланикалық циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еліміз бойынша жауын жауып, республиканың шығысында қар, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел соғып, бұрқасын болады.