Жыл өткен сайын ел азаматтарының сақтандыру компанияларының өнімдеріне қызығушылығы артуда

Жыл өткен сайын ел азаматтарының сақтандыру компанияларының өнімдеріне қызығушылығы артуда
Сурет: Liter.kz

Қазақстандықтар жиі сақтандырылатын болған

Жылдан жылға ел азаматтарының сақтандыру компанияларының өнімдеріне қызығушылығы артуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мұндай көрсеткіш негізінен сақтандыру сыйақылары көлемінің өсуі мен оларды бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен орын алып отыр. Көбі өз мүлкін ғана емес, өмірін де қорғауға тырысады. Мұндай келісімдер 2 есе немесе 59 млрд теңгеге ұлғайды.

Жалпы Қазақстанда 27 ұйым ұсынылған, оның ішіндегі 9 компания өмірді сақтандыру бойынша тіркелген. Бұл ұйымдар бір жылда 19% ұлғайып, 1,7 трлн теңгеге жетті. Осылайша олардың активтері өсіп келеді. Мамандардың айтуынша, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және шектеу шараларын жеңілдету сақтандыру нарығының өсуін одан әрі ынталандыратын болады.