Жыл басынан бері Алматының тергеу изоляторына 6300-ден астам адам тоғытылды

Жыл басынан бері Алматының тергеу изоляторына 6300-ден астам адам тоғытылды
Сурет: Polisia.kz

Қылмыстық-атқару саласында сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізу ҚР Ұлттық ұлан бөлімшелерімен бірге жүзеге асырылады

Осыған байланысты жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде Ұлттық ұлан “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының, Алматы облысы бойынша ҚАЖД, № 7552 әскери бөлімінің және ЛА-155/18 мекемесінің басшылығы қатысқан кеңес өткізілді. Сонымен қатар аталған кеңеске Алматы облысына қарасты ЛА-155/8, ЛА-155/12, ЛА-155/14, ЛА-155/4 мекемелерінің өкілдері де шақырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңесте сотталғандарды бір мекемеден екінші мекемеге жеткізудегі негізгі мәселелер қаралып, өзара пайдалы шешім қабылданды. ЛА-155/18 мекемесі – республиканың ең үлкен тергеу изоляторларының бірі, бұдан басқа сотталғандар жазасын одан әрі өтеу үшін жіберілетін транзиттік-өткізу пункті болып есептеледі.

Күн сайын Алматы–Орал, Алматы–Түркістан, Алматы–Қарағанды, Алматы–Семей, Алматы–Защита бағыттары бойынша пойыздар жолға шығады. Осы жылдың 11 айында ЛА-155/18 тергеу изоляторына 6300-ден астам адам келді, олардың 2000-ға жуығы республиканың басқа өңірлеріне транзитпен жөнелтілді.