Жигули мінген жігіт
Сердар Бердымухамедов Түрікменстан Президенті болып сайланды.
2022 жылдың 12 наурызында Түрікменстан Президентінің сайлауы өтті. Бұл туралы Түрікменстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сайлау күні сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін сайлау құқығы бар азаматтар дауыс берді. Тіркелген 3 460 080 сайлаушының 3 362 052-сі дауыс берді, бұл 97,17 пайызды құрайды.
Демократиялық ережелер бойынша өткен сайлауда барлығы 9 үміткер бақ сынады.
Сайлау нәтижесі бойынша:
Перхат Гуванчгулыевич Бегенджов 2,02% жинады;
Агаджан Бекмырадов 7,22%;
Сердар Гурбангулыевич Бердымухамедов 72,97%;
Бердимаммет Ханмамедович Курбанов 2,22%;
Мередов Бабамурат Тиркешович 1,08%;
Хыдыр Какабаевич Нуннаев 11,09%;
Максат Мырадович Одешов 1,15%;
Максатмурад Аширгельдыевич Овезгельдыев 1,16%;
Какагельды Атаджанович Сарыев 1,09% дауыс жинады.
Түрікменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердымухамедов Түрікменстан Президенті болып сайланды.