Жезқазғанға бара жатқан жүкті келіншек пойызда босанып қалды

Жезқазғанға бара жатқан жүкті келіншек пойызда босанып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Бригада қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектескен.

5 желтоқсанда «Астана-Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жүкті келіншекті пойызда босандырып алды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

5 желтоқсан сағат 11:17-де «Астана-Жезқазған» бағытындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектескен.

Жұбайымен бірге Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан жүкті жолаушының толғағы басталды.

Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Пойыз бастығы, нұсқаулыққа сәйкес, пойыз жүргізушісіне хабарлап, жақын маңдағы станцияға "жедел жәрдем" шақырды.

«Жезқазған станциясына келген соң, жолсеріктер анасын қызымен бірге "жедел жәрдем" қызметкерлеріне тапсырды. Жас ата-ана жаңа туған нәрестенің есімін Арай деп қойды», - делінген компания хабарламасында.