Жетісу облысында орташа жалақы - 250 593 теңге

Жетісу облысында орташа жалақы - 250 593 теңге
Сурет: Ашық дереккөз

Ең төменгі жалақы - 70 000 теңге

2022 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша, жетісулықтардың орташа жалақысы 250 593 теңгеге жеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болды. Бұл  ретте қызмет көрсету секторының өкілдері, өңір бойынша және ҚР бойынша орташа жалақыдан едәуір төмен алады.

«Халықтың ақшалай табысы  –  100%, оның ішінде еңбек қызметінен түскен табыс – 69,1 пайыз, жалдамалы жұмыстан түскен табыс – 57.8%», – деп атап өтті облыстың статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов.