Жетісу облысында бір автожол жабылды

Жетісу облысында бір автожол жабылды
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын екі өңірде республикалық маңызы бар жолдың жабылғанын хабарлағанбыз.

Қазіргі уақытта бір облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бір учаскесінде қар, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында - 1 учаске

"Үшарал-Достық" автожолында 84-184-шақырым, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 шақырым.

"Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 330 бірлік техника жұмыс істеп жатыр", делінген "ҚазАвтоЖол" таратқан ақпаратта.