Жерге де, аспанға да қарап жүріңіз!

Жерге де, аспанға да қарап жүріңіз!
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қар түсіп, көпшілікті әуреге салып жатқаны баршамызға аян. Қар қалыңдаған сайын қауіпте күштірек. 

Күн жылынғаны сол екен, үйлердің шатырынан қар сырғып түсуде. Көз алдымызда 14-қабаттан құлаған қардың салмағы шамамен жүз келіге жуықтайды. Абырой болғанда сол маңнан өтіп бара жатқан Айнабай есімді азамат "құдай қақты", -дегеннен өзге ештеме айта алмады. Сол себепті аяқ астыңызға және де үй төбесінен төніп тұрған мұзға да қарағаныңыз жөн болар.