Жерде магнит дауылы сезілді

Жерде магнит дауылы сезілді
Сурет: интернеттен

Радионавигацияда және жоғары жиілікті радиобайланыста ауытқу болуы ықтимал.

G2 деңгейі Жердегі энергетикалық жүйелерде проблемалар туындауы мүмкін дегенді білдіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта Жердің магнит өрісінің ұйытқу дәрежесі G2 деңгейіне жетті.

Бұл бес индикатордан тұратын мониторинг шкаласы бойынша "бірқалыпты" деңгей болып саналады, G5 "өте күшті" және G1 "әлсіз" дегенді білдіреді, деп жазды ТАСС агенттігі.

"G2 деңгейі Жердегі энергетикалық жүйелерде проблемалар туындауы мүмкін дегенді білдіреді. Радионавигацияда және жоғары жиілікті радиобайланыста ауытқу болуы ықтимал. Поляр жарқылы 50 градус ендікке дейін тіркеледі", - деп нақтылады Қолданбалы геофизика институты.

20 қараша күні астрофизиктер күн белсенділігі деңгейі жоғарылағанын және сәйкесінше бірнеше күнге созылуы мүмкін магнит дауылы басталғанын мәлімдеді.