Жеңілдетілген микрокредит алуға 3,1 мыңнан астам өтінім түсті

Жеңілдетілген микрокредит алуға 3,1 мыңнан астам өтінім түсті
Сурет: 24.kz

Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің жылдық көлемі 2,5%-дан аспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін).

Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Сондай-ақ, микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-ға өтініммен жүгінген уақыттағы жасы ескеріледі.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі мен толық ақпаратты мына жерден оқыңыз.