Жемқорлардың ақшасына 62 мектеп салынады

Жемқорлардың ақшасына 62 мектеп салынады
Сурет: ашық дереккөз

Былтырдан бері қор есепшотына 151,6 млрд теңге жиналған.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жалпы, қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.