Жекешелендіру жайлы білгіңіз келсе...

Жекешелендіру жайлы білгіңіз келсе...
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда жекешелендірудің кешенді жоспарына арналған кездесу өтеді.

Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенов Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

2022 жылғы 25 қарашада сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.О.Темірбековтың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшеновтің қатысуымен Алматы қаласының тұрғындарымен 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы есеп беру кездесуі өтеді.

Кездесудің өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, 3-қабат, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» ғимаратының кіші залы.

Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды мына электрондық поштаға жіберуге болады: d.dgip_almaty@minfin.gov.kz

Байланыс орталығы: 222-10-60, 222-10-64, ұялы тел: 8-701-786-75-48.