Кенжехан Матыжанов өз таңдауын жасады

Кенжехан Матыжанов өз таңдауын жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сайлаушы Қазақстан Президентіне лайықты тұлғаны таңдағанына сенімді.

Алматыдағы №17 мектепте орналасқан №387 сайлау учаскесіне М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов дауыс берді.

«Қазіргідей төрткүл дүние теңселіп тұрған шақта қарашаның тағдырын нағыз мықтыға тапсыруымыз керек. Әлемдік геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, еліміздің ішкі жағдайын ескеретін болсақ, бізге, ең бірінші, бірлік керек, тұтастық керек, ынтымақ керек. Кез келген дүниені ынтымақпен шешуге болады. Бүгін мен осы бағытта өзімнің таңдауымды жасадым», - дейді М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.