Жедел іс-шаралар барысында 747 бірлік қару мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді

Жедел іс-шаралар барысында 747 бірлік қару мен 18 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қаңтар трагедиясы

Қайғылы қаңтар қылмыстық істерін тергеу аясында тонауға, әсіресе қару ұрлауға қатысқан адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді. 

«Үш апта ішінде полиция қызметкерлері ұрланған қарудың көп мөлшерін, әсіресе Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарында тәркіледі. Қазіргі уақытта тәркіленген қарудың жалпы саны 747 бірлік және 18 мыңнан астам оқ-дәрі бар», - деп атап өтті ведомство өкілі.