Жастар «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторымен кездесті

Жастар «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторымен кездесті
Сурет видео скрині

Алматыда Республика күніне орай «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы, ақын Алмас Ахметбекұлымен оқырмандардың кездесуі ұйымдастырылды.

Шара барысында оқырмандар ақынмен еркін сұхбат құрып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында жастар демеушілердің қолынан «Кітап-AMANAT» дүкенінен сыйлыққа қалаған кітабын алды.

«Кітап-AMANAT» жобасының мақсаты – оқырмандарды қол жетімді бағадағы тиісті кітап қорымен қамтамасыз ету. Бұл сондай-ақ ақын-жазушылар мен ғалымдарға да оқырманмен қауышуға жақсы мүмкіндік.

- Бүгін іс-шараға біз арнайы жастарды шақырдық. Енді өзектілігін көрсетті. Менің қуанышыма жастарымыз енді өте белсенді. Әртүрлі сұрақтарды қойып жатыр, - дейді  қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Аханова.