Ертең Жәнібек Әлімханұлы Винченцо Гуальтиеримен жекпе-жекке шығады

Ертең Жәнібек Әлімханұлы Винченцо Гуальтиеримен жекпе-жекке шығады
Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly

"Салмақ өлшенді. Ертеңге дайынбыз!", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы ертең Винченцо Гуальтиеримен жекпе-жекке шығады. Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери жексенбі, 15 қазан күні таңертең екі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді. Жекпе-жек Розенбергте (АҚШ, Техас) өтеді.