Жарықтандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді

Жарықтандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді
Сурет: ашық дереккөз

Медеу ауданы тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету үшін «Дружба Спорт» бау-бақша серіктестігінің ұзындығы 5 шақырым электр желілерін реконструкциялау және 3 трансформаторлық подстанцияны орнату жұмыстары  жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінгі таңда 93 тіректі орнату жұмыстары толығымен аяқталған. 2 шақырым  жерасты кабелін және 1,2 шақырым жер үсті желісін орнату жұмыстары жалғасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау мерзімі - осы жылдың қараша айы.

Горная, Шыбынсай көшелерінің, Мұзтау, Кеңсай (1,2,3,4) шағын аудандарының және бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 33,8 шақырым иесіз электр желілерін реконструкциялау және 11 трансформаторлық подстанцияны салу жұмыстары аяқталды, -деді қала әкімі.

«Асқартау» шағын ауданында электр желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Осы жылдың қазан айында жобалау-сметалық құжаттамалық жұмыстары аяқталуы тиіс.