Жапонияда жаңа зымыран жойылды

Жапонияда жаңа зымыран жойылды
Сурет: ашық дереккөз

Жапония бүгін ұшырған жаңа әрі орташа салмақты зымыранды жоюға мәжбүр болды,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv -ге сілтеме жасап. 

Өйткені ұшудан соң артынша оның моторы істен шыққан. Осылайша, Күн Шығыс елі ғарышқа зымыран жіберу жолындағы бәсекеде сәтсіздікке ұшырап отыр. Ұзындығы 57-метрлік ракета Тагешима айлағынан көкке самғаған еді. Ол Халықаралық ғарыш станциясына жүк апаруы тиіс болған. Тағы бір айта кететін жайт, бұл зымыран Солтүстік Кореядан төнген қауіпті дер кезінде анықтайтын инфрақызыл датчикпен жабдықталған.