Жандарбек Бекшин «Ashyq» қосымшасын пайдалана бастаған нысандарды тексерді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин QR-код жүйесін пилоттық режимде пайдаланатын бірқатар нысанды аралады.

Алматыда QR-код жүйесін 27 кәсіпкерлік нысан енгізді. Оның арасында қоғамдық тамақтану орындары, фитнес-орталықтар, сауналар, моншалар тағы басқалары бар. «Ashyq» қосымшасының артықшылығын пайдаланған алғашқы кәсіпкерлердің бірі — «Қазақстан» спорт кешенінің директоры Айдана Сатова.

Кәсіпкер өз нысаны үшін QR-кодты ақпан айының ортасында алды.

Оның айтуынша, 5 мың тұрақты клиенті бар және оның екеуі ғана қосымшаға күмәнмен қараған.

«Біз өз клиенттерімізбен сөйлесеміз, олардың денсаулығы маңызды. Көп адам «сіз бассейнге келушілерді қалай басқарасыз?» деп өзі сұрайды. Шынында да, біз жүзгіштерді белгілі бір жерде ұстай алмаймыз, ал «Ashyq» қосымшасының арқасында кешен қызметкерлері мен келушілер өз қауіпсіздігі үшін тыныш бола алады», — дейді Айдана Сатова.

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қосымшаны пайдаланатын нысандарды аралап шықты. Сонымен қатар, ол тексеруге бірнеше секунд уақыт кететінін атап өтті.

Смартфонды QR-кодқа жүктелген қосымшамен алып, сканерлеу және кіру жеткілікті.

«Экранда статустың күйлері көрсетіледі (көк, жасыл, қызыл немесе сары). Шығу кезінде- шығуды бекіту үшін QR кодын сканерлеу керек. Сонымен қатар, бұл қосымша мекеменің жұмыс режимін бақылау үшін ыңғайлы. Қосымша мекемедегі бір мезгілде келушілердің санын және оның жұмыс сағаттарын талдауға (иесіздендіруге) мүмкіндік береді. Осылайша, мониторингтік тексерулер жүргізу қажеттілігі азаяды», — дейді Жандарбек Мұхтарұлы.

Айта кетейік, «Ashyq» мобильдік қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға, яғни коронавирус тасымалдаушы ма, жоқ па деген сауалды нақтылауға мүмкіндік береді.

inform.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *