Жамбылдық полицейлер Алматы тұрғынынан психотроптық есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер Алматы тұрғынынан психотроптық есірткі затын тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Жедел алдын алу іс-шарасының барысында Алматы тұрғынынан есірткі орамасы табылды

Жамбылдық полицейлер Алматы тұрғынынан психотроптық есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 қарашада “Рефлекс-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, “Юс” атты қызметтік итімен Қырғыз Республикасы аумағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде Қордай бекетінің өткізу пунктінде Алматы қаласының тұрғынынан жалпы салмағы 4 грамм “Эфидрон” психотроптық заты бар екі ораманы тауып, тәркіледі. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.