Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 12-ге жетті

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 12-ге жетті
Сурет: Inform.kz

Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысты жаңа дерек

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми мәліметіне сілтеме жасап. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда.

Айта кетейік, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.