Зайнутдинов жылдық табысы қанша?

Зайнутдинов жылдық табысы қанша?
Сурет: ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубындағы жалақысын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Түркиялық клуб басқа да легионерлерінің айлығын жариялады. Footbal Critix мәліметіне қарағанда, Зайнутдинов жылына 1,2 млн еуро табыс табады.

Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Бұл клубта ең көп жалақыны Камерунның шабуылшысы Винсент Абубакар алады. Ол жылына 3 млн 110 мың еуро табыс табады.

Зайнутдинов былтыр тамыз айында Ыстанбұлдың командасына Мәскеудің Әскерилердің орталық спорт клубынан (ЦСКА) ауысты. Трансфердің құны 4,5 млн еуро болды. Әзірше одан басқа ешкім шетел клубымен осыншама сомаға келісімшарт жасасқан жоқ.