Заңсыз сауда павильондары бұзылады

Заңсыз сауда павильондары бұзылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының орталығында орналасқан заңсыз сауда павильондары бұзылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған. Осы сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот ағымдағы жылдың 2 мамырында шығарды және сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бөлшектеу жұмыстары басталды. 

Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзу бойынша сот процестері де аяқталды.  

Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген болатын. Ағымдағы жылдың 9 маусымда сот шешімімен бұзу талабы қанағаттандырылды. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

Қазіргі таңда атқару парағы Әділет департаментінде орындауда.