Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасында жүлдесіз қалды

Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасында  жүлдесіз қалды
Cурет: Olympic.kz

Галышева Олимпиада ойындарында 11-ші орын алды

Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші финал аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева да қатысқан. Өкінішке қарай, ол жарыс жолында қате жіберіп, қорытынды есепте негізгі финалдан тыс қалды. 

Ол 49,74 ұпаймен биылғы Олимпиада ойындарында 11-ші орын алды.  

Айта кетелік, бүгін әлем үздіктерінің бірқатары жарыс жолында құлап қалды. 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарының күміс жүлдегері Жюстин Дюфур-Лапуант та Бейжің додасын жүлдесіз аяқтады. 

Айта кетелік, 2018 жылғы қысқы ойындарда Юлия Галышева қола жүлдегер атанған болатын.