Ұлу жылының түсі - жасыл

Ұлу жылының түсі - жасыл
Сурет: ашық дереккөз

Ұлу жылы сәттілік әкелу үшін жаңа жылды қалай қарсы алу керек?

2024 жыл – Ұлу жылы. Дастарханға қандай тағамдар қою қажет?

Көк қосылған тағам көп болуы керек! Жасыл түске басымдық беруі керек, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Дайындаған мәзірде аскөк қосылған салат, ақсерке қосылған шпинат рулеті, грин-тұздық қосып, асқабақтан әзірлеген рулет дайындасаңыз болады. Бәрі жасыл нағыз Ұлу жылын қарсы алуға қолайлы.

Басты тағам – ет. Қоян етінен басқа, кез-келген ет түрінен әзірленген тағамдар. Бізде Ұлу жылы болса, Қытай астрологиясында жасыл Айдаһар жылы. Ал қоян – Айдаһардың ата жауы.

Ет тек ыстық тамақта емес, тіскебасарларда да болуы қажет. Астрологтар балықтан әзірленген тағамдар мен теңіз өнімдерін де мол қоюға кеңес береді. Молшылық әкеледі екен.

Сондықтан ыстық тамақтың бірі – балық миксіне назар аударыңыз. Онда сибас, дорадо, көксерке филесі, ақсерке мен асшаян стейкі бар.