Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды

Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды
Cурет: Ашық дереккөз

Құрылтай Ұлытау облысында өтеді

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекеттік хатшы құрылтай жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтетінін атап өтті. Ал жаңа консультатив-кеңесші орган құрамына депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ, өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді.

«Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі - қоғамдық нығайтуды одан әрі дамыту бойынша идеялар дайындау», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы бір айдан кейін өтетінін айтқан еді.