Алматы облысында Балалар жылына орай халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті

Алматы облысында Балалар жылына орай халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті
Сурет: Qazaqstan.tv

Өнертапқыштар додасы биыл осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа елімізбен алыс-жақын шетелдерден 400-ге жуық оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар робототехника көрмесіне қатысып, роботтар сайысында бақ сынады. Жас өнертапқыштар жұмыстарын алты бағыт бойынша қорғады. Жарыс соңында қатарластарынан оқ бойы оза шапқандар анықталып, марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Байқаудың мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдап, ел абыройын əлемдік аренада асқақтату. Мұндай додалар жастардың шығармашылығын шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, дейді жеңімпаздар. 

"Осындай ІТ конкурстар бізге, әсіресе, жасөспірімдерге өте жақсы. Себебі жасөспірімдер өздерінің еңбегінің құнын біледі. Әрі талпынады. Командамен жұмыс істейді. Жаңа стартаптарды бастау ойда бар. Бірақ осы стартапты дамыту жағын немесе жаңасын ашуды қарастырып жатырмын", - дейді компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы Расул Абуов.