Ұлыбританияда Қазақстандағы саяси өзгерістер талқыланды

Ұлыбританияда Қазақстандағы саяси өзгерістер талқыланды
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстанның жаңа саяси модельге өту бағытындағы реформалары Ұлыбритания парламентшілерімен кездесуде талқыланды.

Лордтар палатасының өкілдері еліміздің суперпрезиденттік басқару жүйесінен мықты президенттік-парламенттік түріне өту бастамалары бойынша ойларын ортаға салды. Олар Қазақстанда болып жатқан демократизациялау үдерістері екіжақты байланысты жаңа сапалық деңгейге көтеретінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Жиын қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында өтті.

«Мен соңғы жеті жыл көлемінде Қазақстанға бірнеше рет барып, даму үдерістерінің куәсі болдым. Реформалар орнатуға ұмтылысын өз көзіммен көрдім. Ең басты мәселе - заң үстемдігі. Біз Қазақстанның табысты болғанын көргіміз келеді», - деді  Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Лорд Фрэнсис Мод.

«Мен Қазақстан достарының қатарына енді қосылып жатырмын. Бүгін елдеріңіз туралы жаңа ақпаратпен танысуға зор мүмкіндік алдым. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуда өз үлесімді қосуға ниеттімін», - дейді Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Сэр Грэм Стюарт Брэди.