«Ұлы дала – көшпенділер әлемі»

«Ұлы дала – көшпенділер әлемі»
Сурет: ашық дереккөз

Құрметті Алматылықтар және қала қонақтары!  

Сіздерді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2-3 қыркүйек күндері Боралдай сақ қорғандарында өтетін «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестиваліне шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қала күніне орайластырылған фестиваль «Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында өтеді.
 
Бағдарламада 10-нан астам көшпелі халықтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары, мәдени мұралары ұсынылады. 
Сондай ақ, шет елдік және қазақстандық шабандоздардың түрлі өнерлері, үздік этномузыканттардың әндері, қолөнершілердің шеберлік сабақтары көрсетіледі.

КІРУ ТЕГІН!
Келіңіздер, көшпенділер әлеміне еніңіздер! 
Басталуы: сағат 10.00 де. 

Сағат 9 бен 18.00 аралығында Сақ қорғандарына қала ішінен арнайы автобустар жүреді. Орталық стадион, «1-Алматы вокзалы», «Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры» және «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан автобустар қатынайды.