WhatsApp-тан енді канал ашуға болады

WhatsApp-тан енді канал ашуға болады
Сурет: интернеттен

Бірақ бұл функцияға қазақстандықтардың қолы жеткен жоқ.

WhatsApp мессенджерінде канал ашу функциясы қазір 150 елде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дегенмен алдағы айларда біздің елде де барлық қолданушы канал ашу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

Арналар чаттардан "Актуал" батырмасы арқылы бөлек тұрады. Каналда мәтіндерді, фото мен видеоларды және сілтемелерді жариялауға болады. Ал пайдаланушылар каналдағы ақпараттарға реакция білдіріп, жалпы санын көре алады.