Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысын салтанатты түрде қарсы алды

Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысын салтанатты түрде қарсы алды
Сурет: Akorda.kz

Президент Во Ван Тхыонг Президент сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.