Вакциналау үшін басшыларға шара қолдана ма?

Вакциналау үшін басшыларға шара қолдана ма?
интерфакс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов вакциналау қарқынын кешіктірген әкімдердің орынбасарларына тәртіптік шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«1 қыркүйектен бері вакциналау жоспарының ең төменгі орындалуы 10-13 пайыз көлемінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қостанай облыстарында байқалып отыр. Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакциналау қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ», - деген Үкімет басшысының орынбасары әкімдіктердің жауапкершілігін күшейтетін нақты шараларды ұсынды.

«Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакциналау жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», - деді Ералы Тоғжанов.