«Тәуелсіздік тағылымы» - мұрат пен мүдде үйлесімі

«Тәуелсіздік тағылымы» - мұрат пен мүдде үйлесімі

Егемендікке ерен еңбек пен ерлік жеткізді

Әр халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол – тәуелсіздік, яки, елдің елдігіне деген мақтаныш. Биыл егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Осы ұлы қуаныш қарсаңында Елбасымыз «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында мақаласын жариялады. Мақалада Елбасы өткен күндерді шолып, отыз жылда атқарылған істерге тоқталады. Халыққа алғысын айтады.

«30 жыл. Адамзат тарихы үшін қас-қағым сәт, ал тәуелсіз Қазақстан үшін бұл – үлкен белес. Тәуелсіздікті бағалау бар, құрметтеу ләзім. Сондай-ақ тағылым алу да керек. «Торқалы той қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін бүгін туған халқыммен ой бөлісуді жөн көрдім» деп бастайды Елбасы мақаласын.

Өз ойымша, жастар үшін, Тәуелсіздікте туған ұрпақ үшін үлкен керек мақала болды деп ойлаймын.

Егемендікке ерен еңбек пен ерлік жеткізді. Елбасы мақалада осы қағиданы қайта қаперге алды. «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты бол, Отаныңның да қуаты артады» деген.

«Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа Елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын. Шекараны шегендемей тәуелсізбіз деу - шикілік. Әлі күнге жер даулап жауласып жүрген елдер бар. Бірақ Қазақта қазір бұл жағынан проблема жоқ».

Си Цзиньпин айтыпты: «Сізге деген құрметім - сіздің халқыңызға деген құрметім деп білемін. Сондықтан да мен сіз ұсынып отырған шекара бойын сіз ұсынған қалыпта қабылдаймын» - деп. Береке – бейбітшілікте. Қазақ мұның қадірін жақсы біледі.

Өз мақаласының соңында Елбасымыз «Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние» бір орнында тұрмайтыны белгілі. Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақытта оның тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс. «Мәңгілік ел» идеясының түпкі мақсаты осында. Ең бастысы – еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде «Мен Қазақстаныма не беремін?» дегенді ойлауы керек» - деп толғанады.

Тәуелсіздікке берік іргетас болып қаланған бабаларымыздың асыл мұраты – ерлік пен елдігімізден күш-қуат алып, әрдайым алға баса берейік, ағайын!